САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Кеңес отырысы өтті. Кеңес мүшелері 2021 жылғы Кәсіподақ қызметінің қорытындыларын талқылап, елде және салада қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады.
Алқалы жиын қоғам қайреткері, білім беру ісінің құрметті қызметкері, кәсіподақ ардагері Амантаева Майра Тұрғанқызын мерейлі 75 жасымен құттықтаудан басталды. Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева құттықтау сөзінде Майра Тұрғанқызының кәсіподақ қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегін айрықша атап өтіп, мерейтой иесіне ҚР Вице-премьері Е.Л.Тоғжановтың, сондай-ақ «Білім және ғылым» халықаралық кәсіподақтар қауымдастығының төрайымы Г.Меркулованың құттықтау хатын оқып берді.
Әрі қарай Айгүл Мұқашева Кеңес мүшелеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы қысқаша баяндады.
«Өткен жыл біз үшін кәсіподақтың 2019 жылғы 9 қазандағы Съезінде қойылған міндеттерді іске асыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылған жыл болды.
Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдары әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмысты жалғастырды. 2021 жылғы ақпанда 2021-2023 жылдарға арналған Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу туралы Салалық келісімге қол қойылды. Кәсіподақ құрылымдарының қатысуымен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде - 17, аудандар деңгейінде-112 келісімге және 8365 ұжымдық шартқа қол қойылды», - деді А.Мұқашева.
Педагогтардың мәртебесі мен беделін арттыру кәсіподақ қызметінің басым бағыты болып қала бермек.
Салалық кеңес Әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін сақтауда жұмыс берушілердің ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын орындауын тұрақты бақылау бойынша бастама көтеріп, бұл жұмысқа мүшелік ұйымдар қолдау көрсетті. Мониторинг нәтижелері педагогикалық қауымдастықтың әлеуметтік әл-ауқатын, құқық қолдану тәжірибесінің мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді.
Кәсіподақ өз жұмысында педагог емес қызметкерлердің еңбекақысындағы теңсіздіктерді жою мәселесіне де көп көңіл бөледі. Тиісті мемлекеттік билік органдарына және жұмыс берушілерге бірнеше өтініш дайындап, жіберілді. Мәселе белгілі бір дәрежеде шешілді.
Жұмысты қиындататын карантиндік шектеулерге қарамастан, Салалық кеңес кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауды күшейту мәселелерінде кәсіподақтың ұйымдастырушылық жұмыстарын нығайтуға бағдарламалық нұсқауларды іске асыру үшін ауқымды жұмыс жүргізді.
Жарғылық қызметті жүзеге асыратын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының негізгі құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-кадрлық және құқықтық қызмет болып табылады. Олардың қызметі басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады және сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталады.
Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасарлары А.Әбиева мен В. Беженаров толығырақ баяндады.
Ә. Әбиева ұйымдастырушылық-кадрлық нығайту, ақпараттық қызмет, жастармен және еңбек етуші әйелдермен жұмыс, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру және кәсіподақ жұмысының басқа да бағыттары туралы ақпарат берді.
Кәсіподақтың ұйымдастырушылық-жарғылық қызметі тиімділігінің маңызды көрсеткіші кәсіподақ мүшелігі болып табылады. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіподақ мүшелігінде 545 559 жұмыс істейтін кәсіподақ мүшесі бар.
Жастармен, жұмыс істейтін әйелдермен де белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, Жастар ісі жөніндегі Кеңес туралы және Еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы ережелер әзірленіп, қабылданды.
Кәсіподақ жұмысында ақпараттық жұмыс, кәсіподақтық оқыту, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру сияқты негізгі бағыттарға да көп көңіл бөлінеді.
- Сала кәсіподағының сайты сәтті жұмыс істеуде, әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды. Сайтқа кіру статистикасы бойынша: 2020 жылы сайт 17 443 рет қаралса, ал 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп - 72 753 қаралымға ие болды. Кәсіподақтың фейсбук парақшасында пайдалы мақалаларға сілтемелер жарияланып, «Жиі қойылатын сұрақтар» және «Кәсіподақ түсіндіреді» айдарлары ашылды. Түскен сұрақтарға тез жауап беруге мүмкіндік беретін кері байланыс мүмкіндігі кеңінен қолданылады.
Бүгінгі таңда Фейсбук желісіндегі кәсіподақ парақшасына 22 000 мыңнан астам адам тіркелген, бұл аудиторияның Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдарының жұмысына деген жоғары қызығушылығын білдірсе керек. Әлеуметтік желіде өткен жылы Салалық кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді. Instagram парақшаларына да жазылушылар саны артты.
- кәсіподақ оқуынан 2021 жылы 89 676 адам өтті. Семинарлардың көпшілігі онлайн режимінде өтті. Есепті кезеңде Салалық кәсіподақ 500 адамнан тұратын аудиториясы бар ЗУМ платформасында 50 трансляция өткізді.
- 2021 жылы сауықтырумен 30 319 кәсіподақ мүшесі және олардың 4 123 балалары қамтылды.
В.Беженаров өз сөзінде жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауын қоғамдық бақылау құқықтық қорғаудың неғұрлым тиімді және маңызды нысаны болып табылатынын ерекше атады.
Өткен 2021 жылы еңбек заңнамасының орындалуын қоғамдық бақылау шеңберінде 1 730 тексеру жүргізілді, оның барысында 2 797 еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды. Оның 783- еңбекақы төлеу бойынша, 798 – еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша және 363 -жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимі бойынша. Мүшелік ұйымдар мен салалық Кеңестің құқықтық қызметінің көмегімен заңсыз жұмыстан шығарылған 17 қызметкер жұмысқа қайта алынды.
Кәсіподақ заңгерлері жеке еңбек дауларын Келісу комиссияларында - 101 жағдайды, соттарда – 47 жағдайды қарауға көмек көрсетті.
Кәсіподақ органдарының талаптары бойынша кәсіподақ мүшелеріне 1,4 млрд.теңге мөлшерінде заңсыз ұсталған немесе төленбеген ақша қаражаты қайтарылды. Құқықтық мәселелер бойынша 21141 кеңес берілді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сала ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 8 363 өндірістік кеңес жұмыс істейді.
Техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 3825 тексеру жүргізді, оның ішінде өндірістік кеңестердің бастамасы бойынша – 2786, қызметкерлердің бастамасы бойынша – 302. 737 тексеру мемлекеттік уәкілетті органдар мен білім басқармасының мобильді топтарының құрамында жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде салада жарақаттану көрсеткіші 10-нан 8-ге дейін төмендеді.
Кәсіподақ қызметінің басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалған соң Кеңес мүшелері сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды. Сөз алғандар саладағы түйткілді мәселелерді қозғай отырып, кәсіподақ қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Барлық талқыланған мәселелер бойынша кеңес мүшелері Кеңес отырысы қаулысының жобасын бірауыздан қолдады.
Кеңес отырысының соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов еліміздегі кәсіподақ қозғалысын дамытып, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан сүбелі үлесі үшін «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-