НҰР-СҰЛТАНДА САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін, 22 қаңтарда, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Отырысты ашқан Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева Атқару комитетінің қарауына енгізілген Салалық кәсіподақ жұмысының өзекті мәселелеріне назар аударды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ мүшелігі мен кәсіподақ органдары бойынша 2021 жылғы жиынтық статистикалық есептілігі қорытындылары туралы - Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Ә.Әбиева баяндады.
Өңірлік салалық келісімдерді, кәсіподақтың мүшелік ұйымдарында ұжымдық шарттарды жасасу және әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров ақпарат берді.
Виктор Федорович барлық деңгейдегі кәсіподақ органдары әріптестермен келіссөздер ұйымдастыру, келіссөздер ұстанымдарының тізбесіне еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақы төлеу, қауіпсіздік, қызметкерлердің әлеуметтік көңіл-күйі деңгейін арттыру мәселелерін енгізу бойынша елеулі жұмыс жүргізгенін атап өтті.
«Әлеуметтік әріптестік актілерінде қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының деңгейін арттыратын ұстанымдар бекітілген. Мәселен, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарының, Нұр-сұлтан қаласының өңірлік салалық келісімдерінде жұмыс беруші ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда қызметкерлердің (азаматтық қызметшілердің) еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыға құқығын сақтау қамтамасыз етіледі.
Шығыс Қазақстан облысында Келісімнің құрамына тиісті шартты енгізу арқылы жұмыс берушілердің мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың штатында, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың штатында тұрған білікті емес еңбек жұмыскерлеріне жалақы мөлшерінде жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуге міндеттемесі белгіленген.
Салалық кәсіподаққа кіретін 8 393 бастауыш кәсіподақ ұйымының 8 365 ұйымында ұжымдық шарттар жасалды. 16 еңбек ұжымында ұжымдық шарттар жасасу туралы келіссөздер жүргізілуде», - деп атап өтті В.Беженаров.
Бұл тұрғыда барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына келісімдер мен ұжымдық шарттар талаптарының орындалуын бақылау міндет болып қала беретіні ерекше аталды.
Кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді күшейту қажеттігі қоса айтылды.
«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ ақпараттық жұмыстың жай-күйі, оны сапалы жақсарту жөніндегі шаралар және еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссия жұмысының жай-күйі туралы Алматы облыстық ұйымының төрағасы М.Төлепбергенов баяндады.
Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева мүшелік ұйым жетекшілеріне кәсіподақ қызметін насихаттауда ақпараттық жұмыстарды жандандыруды жүктеді.
Атқару комитеті отырысында Салалық кәсіподақ құрамына мүшелік ұйым ретінде «Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің «Қорғау» кәсіподағы ҚБ мен «Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ қабылдау туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібінде қарастырылған өзге де өзекті мәселелер бойынша талқылаулар болып, Атқару комитетінің мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулері ескеріле отырып, тиісті Қаулылар қабылданды.
Атқару Комитетінің отырысының негізгі құжаттары жақын арада Салалық кәсіподақтың сайтына орналастырылады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-