ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ
Бүгін 16 ақпан күні, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы әлеуметтік әріптестік аясындағы кезекті семинарын ZOOM платформасында Маңғыстау облысының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары өкілдерімен өткізді.
ҚР БҒМ ТжКББ департаменті директорының орынбасары Е.Жүнісов ТжКББ жүйесіндегі жаңалықтар туралы кеңірек түсіндірді.
ҚР БҒМ Бюджеттік жоспарлау департаменті директоры Ж.Рахметова кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы еңбекақы төлеу жүйесі туралы ақпарат берді.
Семинар барысында БҒМ өкілдері мен Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева еңбек қатынастары саласындағы педагогтардың еңбегіне ақы төлеуге қатысты көптеген өзекті сұрақтарға жауап берді.
Түйткілді мәселелерді талқылағаннан кейін, әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілерге енгізу үшін Кәсіподақ пен ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.
Семинар жұмысына Маңғыстау облысы білім басқармасының өкілдері, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.Байымбетова бастаған кәсіподақ активі қатысты.
Семинар жұмысын қорытындылай отырып, А.Мұқашева семинарға қатысушылар мен әлеуметтік әріптестерге семинардағы белсенді жұмыс үшін алғысын білдірді.
-
Фото
-