САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЕҢБЕК ЕТУШІ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін ZOOM конференциясы режимінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Комиссия төрайымы – Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Ә.Әбиева, сондай-ақ Комиссия мүшелері қатысты.
Жиынды Комиссия төрайымы Ә.Әбиева ашып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының 2021 жылғы атқарған жұмысын талдау туралы» баяндады.
Салалық кәсіподақтың Семей аумақтық ұйымының еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы – Семей аумақтық ұйымының ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі маманы Ұ.Воказе ақпарат берді.
Ол өз сөзінде аймақтағы Комиссия жұмысының негізгі бағыттарына, сонымен қатар алға қойылған міндеттерге тоқталды.
Нұр-Сұлтан қаласының “Әділет” білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы – осы ұйымның құқықтық жұмыстар жөніндегі бас маманы Д.Тоқбалина айтып берді.
«Статистикалық есеп бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы 20 043 кәсіподақ мүшесінің 17 026-сы әйелдер. «Әділет» кәсіподағы одағы әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөледі. Білім беру жүйесі ұйымдарында семинарлар, тренингтер өткізіледі», -деп атап өтті Д.Тоқбалина.
Комиссия мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салып, ақпарат алмасты.
Жиын қорытындысында Комиссияның 2022 жылға арналған Жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.