ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ
Бүгін ЗУМ режимінде Салалық кәсіподақтың жанынан құрылған Жастар кеңесінің ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өткізілді.
Онлайн кездесуге Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Ә.Әбиева, бөлім басшысы Е.Иманбаев, сондай-ақ республикалық Жастар кеңесінің мүшелері қатысты.
Жиынды Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Ә.Әбиева ашып, Кеңес жұмысына сәттілік тіледі. Салалық кәсіподақтың бөлім басшысы Е.Иманбаев қатысушыларға жалынды сәлем жолдап, жиын міндеттері мен мақсаттарын ортаға салды.
Жастар кеңесінің мүшелері 2022 жылға арналған Жұмыс жоспарының жобасын талқылап, ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Ағымдағы жылға белгіленген ауқымды жұмыс жоспарына Кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Жас көшбасшылар биылғы жылы нәтижелі жобалар мен іс-шаралар өткізудің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта жұмыла жұмыс істеуге уағдаласты.
Жиын қорытындысында Жастар кеңесінің төрағасы Р.Бейішовке жылдық жоспарға барлық Кеңес мүшелерінен ұсыныс-пікірлерді жинақтап, бекіту міндеті жүктелді.