ТӘУЕЛСІЗДІКТІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы білім және ғылым қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан және тоғызқұмалақтан Республикалық турнир өткізді. Дүбірлі доданың мақсаты білім беру қызметкерлерінің тұрмысына дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын бекіту және білім беру қызметкерлері арасында бәсекелестік рухты ынталандыру болып табылады.
Республикалық турнирдің ашылу салтанатында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева, ҚР Шахмат Федерациясының вице-президенті М.Есенов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Н.Мамиев, , ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Шотиев, Шахматтан спорт шеберіне кандидат А.Өкпебаевтар жарысқа қатысушыларға жалынды сәлем жолдап, сәттілік тіледі.
Республикалық жарыста облыстық додалардан жүйрік деп танылған 65-ке жуық білім қызметкері бақ сынасты. Байрақты бәсекеде төмендегі қатысушылар жеңімпаз болып танылды.
Тоғызқұмалақтан (ерлер арасында) :
I орын - Қайдаров Азамат (Ақтөбе облысы);
II орын - Мұхит Мағзұмов (ШҚО);
II орын - Ерлан Айтышев (Павлодар облысы);
III орын - Бектас Кенжеғалиев (БҚО);
III орын - Амангелді Жиентаев (СҚО);
ІІІ орын - Бауыржан Мұханбетжанов (Қызылорда облысы).
Тоғызқұмалақтан (әйелдер арасында):
I орын – Гүлзат Бақтарбаева (Ақтөбе облысы);
II орын – Гүлзада Қасқырбаева (Нұр-Сұлтан қаласы);
II орын – Бибінұр Тоқмади (Жезқазған қаласы);
III орын – Аружан Хавал (Алматы облысы);
III орын – Гүлжан Қилыбаева (ШҚО);
ІІІ орын – Ақтоты Қошқарова (Қызылорда облысы).
Шахматтан (ерлер арасында):
I орын – Қазбек Тукубаев (Алматы қаласы);
II орын – Арыслан Ескендіров (СҚО);
II орын – Бектас Өтебеков (Түркістан облысы);
III орын – Қанат Биғожин (Ақмола облысы);
III орын – Владимир Могила (Қарағанды облысы);
ІІІ орын – Шыңғыс Кенжебаев (Маңғыстау облысы).
Шахматтан (әйелдер арасында):
I орын – Яна Лозовская (Павлодар облысы);
II орын – Саят Қалқышиева (Ақмола облысы);
II орын – Эльвира Әбдірахманова (Қарағанды облысы);
III орын – Жемісжан Иманғазинова (Алматы облысы);
III орын – Алтынай Дауылбаева (Атырау облысы);
ІІІ орын – Қатиша Кенжебаева (Маңғыстау облысы.
Турнир жеңімпаздары Дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Қалған қатысушыларға Салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары мен ақшалай сыйақылары табысталды.
-
Фото
-