Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа жариялаған Үндеуін қолдауға шақырды
Құрметті Отандастар!
Елдегі болып жатқан ахуалға байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа жариялаған Үндеуін қолдап, баршаңызды бірлікке шақырамын.
«Татулық түбі – береке» деп тегін айтылмаса керек. Бірлік – елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Мемлекет басшысы Үндеуінде халықтың жанайқайы ескерусіз қалмайтынын атап өтті. Қазіргідей күрделі сәтте Мемлекет басшысына үлкен сенім білдіріп, барлық мәселені парасаттылықпен, келісіммен шешудің маңызы жоғары. Еліміздің қалыпты өмірге оралуына әрқайсымыз үлесімізді қосып,сындарлы шақта елдігімізді, бірлігімізді көрсетейік, қадірлі қазақстандықтар.
30 жыл бойы еңсесін тіктеген Тәуелсіздігіміздің тұғырын берік қылуға, қастерлі құндылығымызды бағалауға баршамыз жауаптымыз. Ел іргесі бүтін, айналамыз аман болсын.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева
https://qazradio.fm/kz/news/22391/