Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның Ел тәуелсіздігінің мерекесіне арналған құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР,
ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы атынан және өз атымнан Сіздерді Егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні баршамызға қастерлі және қасиетті. Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, ол бәрінен жоғары. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - жетістіктерімізді түгендеп, болашақтағы міндеттерімізді айқындаудың мүмкіндігі».
100 жылға жуық белесі бар Салалық кәсіподақ тарихындағы жаңа дәуір - Тәуелсіздіктен басталды. Бұл жылдар кәсіподақ үшін саяси кемелдікке, ұйымдық бекемдікке және өз қатарларының бірлігіне елеулі емтихан мен сынаққа толы мерзім болды. Өткен жылдар белесі - салалық ұйым үшін дағдарыс пен дамуға толы тұтас дәуір.
Ел тарихымен бірге түлеген Салалық ұйымның Тәуелсіздік жылдарында білім қызметкерлерінің кәсіби мүдделері мен әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бағытында қол жеткізген табыстары аз емес.
Сала қызметкерлерінің маңызды мәселелерін шешу үшін кәсіподақ Білім министрлігі, атқарушы билік органдары және жұмыс берушілермен сындарлы диалогқа қол жеткізді.
Елбасының сарабдал саясаты мен Президенттің тікелей тапсырмасымен Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл Ұстаз беделін көтеру жолындағы кәсіподақтардың көп жылдан бергі қажырлы еңбегінің жемісі, біздің ортақ жеңісіміз.
Бүгінгі күні Кәсіподақтар еңбек қатынастарында адам құқығын қорғайтын қозғаушы күшке айналды. Біз саладағы толағай табыстардың бәріне Тәуелсіз еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің, бірлігіміз мен ынтымағымыздың арқасында қол жеткіздік.
Жаһандану кезеңінде кәсіподақтар еңбек қатынастарындағы шиеленістерді шешуге, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етіп, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы басты медиатор болуды жалғастыра бермек.
Әділдік, бірлік және ынтымақтастыққа негізделген даңқты дәстүрімізді бекітіп, бірлесе жұмыс істеу арқылы біз кәсіподақтарға жүктелген міндеттерді бірге еңсереміз.
Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын. Көк туымыз көктен түспей, бейбіт күннің берер бағы мен байлығы тарқамасын!
Жарқын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін. Мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты болып, барлық бастамаларыңыз сәттілікпен сабақтасқай.
Ізгі ниетпен,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы А.Мұқашева
кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы А.Мұқашева