«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТҰҒЫРЫ»
Бүгін Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты салтанатты шарасы өтті.
Шарада білім кәсіподағының Тәуелсіздік жылдарындағы қызметі қорытындыланып, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауда мемлекеттік саясатты іске асырудағы білім кәсіподағының келешектегі міндеттері айқындалды.
Салтанатты шараға ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Т.Дәулеталин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.В.Смышляева, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрайымы Г.Көбенова (бейнебайланыс арқылы), кәсіподақ көшбасшылары мен ардагерлер, сондай-ақ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Шараның шымылдығы Тәуелсіздік жылдарындағы Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының қызметі туралы деректі фильммен түрілді.
Салтанатты шараға қатысушылар алдында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Т.Дәулеталин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.В. Смышляева, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрайымы Г.Көбенова (бейнебайланыс арқылы) сөз сөйледі. Мәртебелі қонақтар егемендік жылдарындағы Салалық кәсіподақтың ел дамуына қосқан үлесін айрықша атап, кәсіподақ көшбасшыларын Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесімен құттықтады.
«Кәсіподақтар федерациясы өз қатарында 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 2 миллионға жуық жұмыскерді біріктіретін ең ауқымды қоғамдық ұйым. Ол әлеуметтік әділеттілік принциптерін насихаттау, жұмыскерлердің мүдделерін білдіру және олардың заңды құқықтарын қорғау арқылы елдің дамуына өз үлесін қосты. Кәсіподақтар федерациясы жаңа Қазақстанды қалыптастыруға белсенді түрде қатысты және қатыса бермек», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Салтанатты шараға қатысушы қонақтар алдында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы сөз сөйледі.
- Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары еліміздің барлық маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларына белсенді қатысты. Сала қызметкерлерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелерінде қағидаттық ұстанымда бола отырып, кәсіподақ пен оның мыңдаған активі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауда сарабдал саясатты ұстанды, - деп атап өтті А.Мұқашева.
Салалық кәсіподақ төрайымы сала қызметкерлерінің маңызды мәселелерін шешуде бірлескен жұмыстар үшін әлеуметтік әріптестер - Білім және ғылым министрлігіне, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге, ҚРКФ, сонымен қатар әріптестеріне алғыс білдірді.
Шарада кәсіподақ қозғалысының ардагерлері М.Амантаева және "Ұcтаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ төрағасының кеңесшісі Қ. Назарбетов сөз сөйлеп, қонақтарды мерекемен құттықтады.
М.Амантаева елімізде кәсіподақ қозғалысын дамытуға атсалысқан кәсіподақ көшбасшыларына ризашылығын білдірді.
Салалық кәсіподақтың Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Г.Науразбаева тәуелсіздік жылдарында кәсіподақтың бірлігі арқасында көп табыстарға қол жеткізгенін ерекше атап өтті. Шара барысында бірқатар кәсіподақ көшбасшылары ҚРКФ және Салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен және төсбелгілерімен марапатталды.
Марапаттардан соң шараның Жиналыстың қарары қабылданды.
Шараның екінші жартысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды. Мақсаты - сала қызметкерлері - кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, педагог мәртебесін арттыру, кәсіподақ мүшелігін ынталандыру мәселелерінде кәсіподақтың рөлін арттыру болып табылады.
Сайыстың Бас жүлдесіне Кәсіподақтың Павлодар облыстық ұйымы Павлодар қалалық филиалының маманы Дина Ержанова ие болды.
1 орын - Қарағанды облысы «Қарағанды қаласының Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Рамия Закиуллинаға;
2 орын - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының «№2Мәртөк мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Эльмира Қасангалиеваға;
3 орын - Нұр-Сұлтан қаласы «№14 «Ақбөпе» балабақшасы» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Рауан Ағыбаеваға берілді.
Төмендегі қатысушылары сайыстың «Креатив» номинациясын жеңіп алды:
Айнұр Балмаханова - Қызылорда облысының Есетов атындағы №264 мектеп – лицейінің кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Индира Альметова - Маңғыстау облысы №14 «Айгөлек» бала-бақшасы дене-шынықтыру пәні мұғалімі, кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Мақпал Чокина - Алматы қаласының №121 орта білім беру мектебі КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Серік Баймедетов - Жамбыл облысы Dulati University Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы.
Байқаудың төмендегі қатысушылары ынталандыру сыйлығының иегерлері деп танылды:
- Заира Тасбулатова– Ақмола облысының Родина ауылы ЖББМ КМК кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Жадыра Билибаева– Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары;
- Жанаргүл Шарғабаева – Атырау, Жылыой ауданы, Құлсары қ. №7 Е.Халықов атындағы орта мектеп кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары;
- Наталья Андреева – ШҚО, Ұлан ауданы, Таврия орта мектебі КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Гүлнұр Мейірбекова – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Роза Баймұратова – Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы «Родничок» бөбекжайы кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Заира Нурсеитова – БҚО Шынгырлау ауданы, Тасмола орта мектебінің кәсіподақ комитеті төрайымы;
- Жанар Ахметова– СҚО, Ғ.Мүсірепов ауданы, «Астана» балабақша-бөбекжайы кәсіподақ комитетінің төрайымы;
- Динара Рахманқұлова – Шымкент қаласының 46 мектеп – лицейінің кәсіподақ комитеті төрайымы;
- Үміт Қайдағұлова – Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, "Шалдай ЖОББМ" КММ, биология пәнінің мұғалімі, кәсіподақ комитетінің төрайымы.
Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына Дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
https://bilimdinews.kz/?p=181108&fbclid=IwAR18hYueLWs7aDpv1I-x6tgPW4_-YJuUoXg0czEHB6xsqtPAj8sGpic4wA4
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
https://bilimdinews.kz/?p=181108&fbclid=IwAR18hYueLWs7aDpv1I-x6tgPW4_-YJuUoXg0czEHB6xsqtPAj8sGpic4wA4
-
Фото
-