САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ
Бүгін Алматы қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің көшпелі отырысы өтті. Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақтың 2021 жылғы қызметін қорытындылап, 2022 жылғы кәсіподақ іс-шараларының жоспарларын бекітті, сондай-ақ бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді қарады. Атқару комитетінің отырысын Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Беженаров ашып, жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
- Кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі жұмысы туралы;
- «Кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы» Ережесін бекіту туралы;
- Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелік ұйымдарының кәсіподақтардың облыстық аумақтық бірлестіктерімен өзара іс-әрекет мәселелері (КАБ);
- Облыстық, аумақтық ұйымдардың кәсіподақ мүшелері – қызметкерлер мен олардың балаларының 2021 жылғы жаз мерзіміндегі демалысын өткізу жөніндегі жұмыс қорытындысы туралы;
- Кәсіподақтың салалық Кеңесі аппаратының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
- және т.б.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиында Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Ж.Шайдулла, Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасарлары Ә.Әбиева мен В.Беженаров баяндама жасады.
Атқару комитетінің мүшелері алдағы жылы жұмыстарды кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғай отырып, жоспарға сәйкес жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Отырыста айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып, күн тәртібінде қаралған барлық мәселе бойынша тиісті Қаулылар қабылдады.Атқару Комитетінің отырысы сындарлы жағдайда өтті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі