БҚО КӘСІПОДАҚ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев бастаған БҚО кәсіподақ активінің делегациясы Нұр-сұлтан қаласындағы Салалық кәсіподақтың орталық комитетінің кеңсесінде болды. Делегациямен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева кездесті. Кездесуге сондай – ақ Салалық кәсіподақ аппаратының қызметкерлері және Нұр-сұлтан қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев қатысты.
Кездесу барысында А.Мұқашева әріптестерін Салалық кәсіподақтың қызметі туралы хабардар етіп, салада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
- Сіздерге кәсіподақ мүшелері үшін жасап жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Пандемия кезеңінде Салалық кәсіподақ қызметі сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұның бәрі біздің бірлескен жұмыстарымыздың нәтижесі, - деді өз сөзінде А.Мұқашева.
Нұр-сұлтан қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының жұмысы туралы төрағасы Батыр Әлиев баяндады. Ол өз сөзінде қалалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қорғау мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырып жүрген өзекті сұрақтарға толымды жауаптарын алды.
Ертең Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ активі Салалық кәсіподақтың Ақмола облыстық ұйымының көшбасшыларымен кездесу және жұмыс тәжірибесімен танысу үшін Атбасар қаласына барады.
-
Фото
-