ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ
Бүгін Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне барды. Университет ұжымымен кездесіп, кәсіподақ белсенділерін Салалық ұйымның наградаларымен марапаттады.
Мәжіліс залында өткен кездесуге университеттің Басқарма төрағасы-ректор Гүлмира Қанай мен оқытушы-профессорлар құрамы, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Жиынды Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева алғысөзімен ашып, Салалық ұйым қызметіне қатысты ақпарат берді.
- Салалық кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті дамытып, нығайту, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, кәсіподақтардың үздік дәстүрлерін жаңғыртуға айрықша көңіл бөлуде. 2020 жылы сала қызмектерлерінің 2 961 жазбаша өтініштері қаралса, 45 мыңнан астам кеңес берілді. Биыл 6 айда 14 325 адам кәсіподақ кеңесіне жүгінді. Бұл көрсеткіштер кәсіподаққа сала қызметкерлерінің сенімі артқанын, кәсіподақтың нақты көмегін сезінгенін көрсетеді, - деді А.Мұқашева.
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті еліміздің жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. Қазақстанның жоғары білікті педагогикалық кадрларын дайындау ісінде сіздерге үлкен табыстар тілеймін. Салалық кәсіподақ әлеуметтік әріптестік аясында сіздерді әрдайым қолдауға дайын, - деп атап өтті Айгүл Мақсатқызы.
Басқарма төрағасы-ректор Гүлмира Қанай оқу орнын алға қарай дамыту жоспарларымен бөлісті. Университеттің инфрақұрылымын, материалдық-техникалық базасын жаңарту міндеттері туралы айтып берді. - Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолдауы бойынша, осы оқу жылынан бастап университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы 30% - ға өсті. . Педагогтардың орташа жалақысын 2024 жылға қарай өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есеге арттыру жоспарланып отыр, - деп атап өтті Г.Қанай.
Кездесуде университеттің бір топ қызметкерлері Салалық кәсіподақтың арнайы төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ 5 кәсіподақ ардагерге емдеу-сауықтыруға арналған шипажай жолдамалары табысталды.
Алқалы жиында университеттің кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Ералиева ұйым тарапынан жасалған жұмыстар туралы айтып өтсе, кәсіподақ белсенділері сөз сөйлеп, әріптестерін марапаттарымен құттықтады.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Ақгүл Жұбандықова университеттегі кәсіподақ комитетінің жұмысын жоғары бағалап, кәсіподақ төрайымына табанды еңбегі үшін алғыс айтты.
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекзада Қожекеева күшті кәсіподақ – мықты бастауыш ұйымнан басталатынын тілге тиек етті. Бұл ретте ол әріптестерін ұжым болып ұйысып, кәсіподақ жұмысын жетілдіруге шақырды.
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекзада Қожекеева күшті кәсіподақ – мықты бастауыш ұйымнан басталатынын тілге тиек етті. Бұл ретте ол әріптестерін ұжым болып ұйысып, кәсіподақ жұмысын жетілдіруге шақырды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Сапбекова кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауда Салалық ұйым тарапынан үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
-
Фото
-