ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бүгін Салалық кәсіподақ басшысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне барып, Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловпен кездесті.
Кездесу барысында А.Мұқашева Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат беріп, салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
- Салалық кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті дамытуға айрықша назар аударады. Әлеуметтік әріптестік аясында сіздің университетте әкімшілік пен кәсіподақ комитеті бірлесіп үлкен жұмыстар атқаруда. Алдағы уақытта кәсіподақ мүшелерінің игілігіне бағытталған жұмыстар жалғасын тауып, өзара ынтымақтастығымен бен әріптестігіміз арта түседі деп сенемін», - деді А.Мұқашева.
Өз кезегінде Университет ректоры Дархан Біләлов әлеуметтік әріптестік аясында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы А.Бектабанов университет басшылығына кәсіподақ комитеті мен әкімшілік арасында жасалған Ұжымдық шарттың басым бағытаттары туралы айтып, құқықтық мәселелерге байланысты кеңестерін берді.
Университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Ибраимов кәсіподақ комитеті тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу соңында Салалық кәсіподақ төрайымы әріптестік үшін университет басшысына алғыс білдіріп, жауапты қызметте алға қойылған міндеттерді іске асыруда табыс тіледі.
-
Фото
-