«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының» кезектен тыс есептік-сайлау конференциясы
26 қазан күні, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының» кезектен тыс есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға 45 делегат сайланды, оның 43-і қатысты.
Күн тәртібінде 2020-2021 жылдар аралығында кәсіподақ ұйымының атқарған жұмысы туралы ұйым төрағасының уақытша міндетін атқарушы Б.Сейдеш баяндама жасады.
Биыл жазда оқу орнының бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы М.Салықұлы мезгілсіз дүниеден өткен болатын. Мақсат Салықұлы кәсіподақ жұмысын жоғары деңгейге көтеріп, үлкен жұмыстар атқарды.
Қайғылы жағдайдан кейін бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының міндетін атқару Бәкіжан Сейдешке сеніп тапсырылған еді.
Б.Сейдеш конференцияда ұйым тарапынан жасалған жұмыстар туралы толық ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар 2020-2021 жылдар аралығындағы ревизиялық комиссияның есебі тыңдалды. Делегаттар университеттің кәсіподақ ұйымы тарапынан атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.
Конференцияда университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау мәселесі қойылды. Төраға лауазымына 3 кандидат ұсынылды, олардың біреуі өзін-өзі ұсынды. Демократиялық тұрғыда делегаттардың басым дауысымен Бәкіжан Болатбекұлы Сейдеш Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды.
-
Фото
-