Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның құттықтауы
Білім беру мекемелерінде еңбек етіп жүрген кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Салалық кәсіподақ Кітапханашылардың мәртебесін жоғарылатып, еңбекақысын арттыру мәселесін бірнеше жыл қатарынан көтерген еді.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында күрмеулі мәселе өз шешімін тапты. Енді мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілердің жалақылары 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ке өсетін болды.
Бұл осы салада тер төгіп жүрген әріптестерге мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен әлеуметтік қолдау деп есептейміз. Алдағы уақытта да еңбектеріңіз еленіп, табысқа кенеле беріңіздер, қадірлі әріптестер.
Бүгінгі кәсіби мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін. Әрдайым мерейлеріңіз үстем болып, мәртебелеріңіз биіктей берсін!
Бүгінгі кәсіби мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін. Әрдайым мерейлеріңіз үстем болып, мәртебелеріңіз биіктей берсін!