Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, КӘСІПОДАҚТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН КӨШБАСШЫЛАРЫ!
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және өз атымнан Сіздерді кәсіби мереке – Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және өз атымнан Сіздерді кәсіби мереке – Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Кәсіподақтар - еңбек адамның құқықтары мен мүддесін қорғаудың кепілі, сенімді серігі.
Бүгінгі таңда Салалық кәсіподақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы ең ірі мүшелік ұйым болып табылады. Кәсіподақ саланың жұмыс берушілері – әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне бағытталған бірқатар жұмыстарын іске асыруда.
Салалық кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті дамытып, нығайту, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, кәсіподақтардың үздік дәстүрлерін жаңғыртуға айрықша көңіл бөлуде.
2020 жылы сала қызмектерлерінің 2 961 жазбаша өтініштері қаралса, 45 мыңнан астам кеңес берілді. Биыл 6 айда 14 325 адам кәсіподақ кеңесіне жүгінді. Бұл көрсеткіштер кәсіподаққа сала қызметкерлерінің сенімі артқанын, кәсіподақтың нақты көмегін сезінгенін көрсетеді.
2020 жылы Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының құқықтық қызметтері білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасын орындау бойынша 1610 қоғамдық бақылау жүргізіп, 1768 түрлі еңбек заңнамасын бұзушылық дерегін анықтады. Биыл жартыжылдықта 884 білім беру ұйымынан 1502 еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды.
Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарымен өткен жылы- - 63 қызметкер жұмыстарына қайтарылды, оның ішінде 3-і сот орындарына жүгіну арқылы, 260 заңсыз жұмыстан шығарудың алды алынды. Осы жылы 6 ай ішінде жұмыстан шығарылған 24 кәсіподақ мүшесі жұмыс орнына қайтарылды.
Өткен жылы кәсіподақ мүшелеріне дұрыс есептелмеген не төленбеген 1,4 млрд теңгеден астам қаражаты қайтарылды. Биыл жарты жылда кәсіподақ көмегімен 190 640 265 теңге көлеміндегі ақша қайтарылды.
Осы жетістіктер мен жеңістердің барлығы - Сіздердің баға жетпес еңбектеріңіз, құрметті әріптестер! Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүддесін қорғау жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз үшін Сіздерге үлкен алғыс білдіремін.
Кәсіподақ қозғалысы еңбек адамының мүдделерін қорғауға қабілетті көшбасшылардың табандылығы мен қайсарлығының арқасында алдағы уақытта да нығая беретініне сенімдімін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Біздің еңбегіміз әрдайым сұранысқа ие бола берсін, өйткені оның нәтижелері еңбек адамының өмірін жақсартады. Сіздерге шын ниетпен қажымас күш-қайрат, зор денсаулық, кәсіподақ мүшелерінің игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттіліктер тілеймін.
Құрметпен,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы А.Мұқашева.
кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы А.Мұқашева.