БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдары форумы өтті. Форум жұмысын ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталин құттықтау сөзімен ашты.
Алқалы шарада бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Салалық кәсіподақтар және ҚРКФ аумақтық бірлестіктерінің басшылары сөз сөйледі.
ҚРКФ құрамындағы ең ірі Салалық ұйым – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымы А.Мұқашева өз сөзінде форумға қатысушыларды ҚР Кәсіподақтар күнімен және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Салалық кәсіподақ қызметіне қатысты ақпарат берді.
ҚРКФ құрамындағы ең ірі Салалық ұйым – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымы А.Мұқашева өз сөзінде форумға қатысушыларды ҚР Кәсіподақтар күнімен және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Салалық кәсіподақ қызметіне қатысты ақпарат берді.
- «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауы кәсіподақ ұйымдарының қызметін және кәсіподақ қозғалысын нығайтуда оң рөл атқарды деп айтуға негіз бар. Кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ қозғалысын дамыту бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Байқау кәсіподақ ұйымдары қызметінің нәтижелерін объективті түрде қорытындылауға арналған тиімді алаңға және Қазақстанның кәсіподақ қозғалысындағы маңызды оқиғаға айналды, - деді А.Мұқашева.
Салалық кәсіподақ басшысы байқау қорытындысы кәсіподақ органдарына, Салалық ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарының жұмысындағы кемшіліктерге, түйткілді мәселелерге назар аударуға мүмкіндік бергенін ерекше атап өтті.
Форум барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының «30 еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы, Қарағанды қаласының «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ робототехника курсының тренері, инженер-жүйетехнигі Ә. Бердіходжаев форум резолюциясымен таныстырды.
Шарада «2021 жылдың ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Марапатталушылардың қатарында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының республикалық «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының жеңімпазы Қызылорда қаласының Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Баян Акимбаева болды.
Форумға қатысушылар алдында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Шапкенов және ҚР Жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясының президенті Қ.Байкенов бейнеқұттықтауымен сөз сөйледі.
Форум аясында сонымен қатар ҚРКФ «Еңбек адамын ұлықтау» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Үздік ақпараттық әріптес» номинациясында Атырау облыстық Салалық кәсіподақ ұйымының «Ұстаздық еңбек» газетінің редакциясы марапатталды.
Форум жұмысы ҚР Кәсіподақтар федерациясының наградаларымен марапаттаумен аяқталды. Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жуалық аудандық филиалының төрайымы Г.Қадырбек «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
-
Фото
-