БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева бастаған кәсіподақ өкілдері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды. Салалық кәсіподақ делегациясы Тәжікстан республикасы білім кәсіподағының XIII съезіне қатысты.
Жұмыс сапары барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы (Төрағасы Зулхия Нозакзода), сондай-ақ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен Өзбекстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы (төрағасы Равшан Бедилов) арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.
Меморандумдарға қол қою үш елдің кәсіподақтары арасындағы достық және бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық және кәсіби мүдделерін қорғау, педагог мәртебесін арттыру, жастар саясатын дамыту, делегациялар алмасу, кәсіподақ кадрларын даярлау және т. б. істерде кәсіподақ жұмысының тәжірибесімен алмасуға ықпал ететін болады.
Меморандумдарға қол қойылғаннан кейін Съезд қонақтары Тәжікстанның білім кәсіподағының Орталық комитеті аппаратының қызметкерлерімен танысып, оларға және республиканың бүкіл кәсіподақ активіне ХІІІ Съезд көздеген алдағы кезеңге арналған міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.
-
Фото
-