Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның Ұстаздар күнімен құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР!
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және өз атымнан
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздық – киелі де, шоқтығы биік мамандық. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,
тәлім-тәрбие беруде,жақсы қасиеттерді бойына дарытып,
адамгершілік рухта бағыт-бағдар көрсетуде ұстазға жүктелер жауапкершілік жоғары.

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай,
мұғалім тәрбиесі мен тәлімішәкірттің мәңгілік жан азығы.
Саналы да сапалы білім беру үрдісіндегі мұғалімнің шынайы
еңбегіне алғыс айтып, қадірлі мамандық иелеріне құрмет көрсету -
әрбір азаматтың қастерлі парызы.

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» деп заңғар қаламгер
Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай ел болашағы үшін
тер төгіп жүрген ұстаздардың еңбегі еш кетпейді деп ойлаймын.
Әрқайсымыз осындай биікке қол жеткізуімізге, кісілікке,
адамгершілікке тәрбиелегені үшін қадірлі ұстаздарымызға әрқашан қарыздармыз.

Өскелең ұрпақтың болашағына жауапты кәсіп иелерінің беделін арттыру –
күн тәртібінен түспейді.
ҚР Президенті биыл да ел халқына Жолдауында ұстаздарды қолдауға қатысты
бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ұстаз мүддесі мен құқығын қорғау әрдайым
Салалық кәсіподақ назарында бола бермек.

Қажырлы еңбектеріңіз ұдайы жоғары бағаланып,
мәртебелеріңіз бен мерейлеріңіз асқақтай берсін,
қадірлі әріптестер. Әр бастамаларыңыз шығармашылық шабытпен сабақтасып,
оқу жылы жемісті болғай!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Мереке құтты болсын!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы Айгүл Мұқашева