ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ОНЛАЙН ПРЕЗЕНТАЦИЯ
2021 жылдың 8 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп Қазақстанда COVID-19 салдарын жұмсартуға бағытталған әлеуметтік қорғау шаралары бойынша онлайн презентация рәсімін ұйымдастырды.
Отырысқа ХЕҰ әлеуметтік қорғау жөніндегі бас маманы Ясмина Папа,
- ХЕҰ-ның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов,
- ХЕҰ-ның Қазақстандағы ұлттық консультанты Байкәрім Тутенов,
- ҚР ЕХӘҚМ бірінші вице-министрі Ахмади Сарбасов,
сондай-ақ басқа да салалардың, соның ішінде Қазақстан кәсіподақтарының өкілдері қатысты.
Салалық кәсіподақтан ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі Ернар Иманбаев қатысты.
Байкәрім Тутенов "Қазақстандағы COVID-19 салдарын жұмсартуға бағытталған әлеуметтік қорғау шараларына жедел шолу: жинақталған тәжірибе" тақырыбында баяндама жасады. Ол Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар пакетіндегі ҚР халқын әлеуметтік қорғау, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және т. б. туралы айтып берді.
Пікір алмасу барысында Салалық кәсіподақ өкілі Е.Иманбаев пандемия кезінде Сала кәсіподағының атқарған жұмыстары туралы хабардар етті.
Төтенше жағдай режимінің енгізілуімен жұмыс берушілер жағдайды реттеудің қолданыстағы құқықтық құралдарына жүгінді: қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру, толық емес жұмыс уақытын енгізу, жұмыстың бос тұрып қалуы, қызметкерлерге ақылы демалыс беру, жалақысы сақталмайтын демалыс беру.
Еңбек қатынастарын ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар пайда болды, олардың бірі жұмыс күшін жаппай босату. Салалық кәсіподақ саланың жұмыс берушілеріне жұмыскерлерді еңбекақы төлеудің қолданыстағы көрсеткіштерімен қамтамасыз етуді, еңбекақысыз демалыс беруге жол бермеуді, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде заңдылық режимін қамтамасыз етуді және қызметкерлердің әл-ауқатының деңгейін, жұмыс орындары мен кадрлық әлеуетті сақтау мақсатында әлеуметтік әріптестік актілерінің шарттарын қолдануды талап етіп, үндеу жасады.
Қиын жағдайларда қолданылатын маңызды құралдардың бірі-әлеуметтік әріптестік жүйесі. Мәселен, еліміздің көптеген өңірлерінде салалық өңірлік келісімдерді әзірлеу кезінде кәсіподақтың ұсыныстары ескерілді, жұмыскерлердің жұмыстың бос тұрып қалу кезеңінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде көзделген нормалардан үлкен мөлшерде төлемдер алуына мүмкіндік туғызды.
Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары Келісімге жұмысшылардың толық жалақысын немесе оның көп бөлігін сақтау туралы ереже енгізді.
Ясмина Папа әлеуметтік-экономикалық және еңбек проблемаларын әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі келіссөздер арқылы шешудің маңызды екенін атап өтіп, Қазақстанның кәсіподақтарына белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.
-
Фото
-