ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
2021 жылғы 3 шілдеде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Отырысты Комиссия төрайымы – Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Ә.Әбиева ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:
ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама қорытындылары туралы және
«Әйелдердің саясатқа араласуы және әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту» тақырыбында өткен семинар бойынша ақпарат туралы.
Сондай-ақ, Салалық кәсіподақтың еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы Ә.Әбиева баяндады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы Қарағанды облыстық ұйымының Теміртау қалалық комитетінің төрайымы М.Бекмұхаметова ақпарат берді.
Алматы облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Күреңбел орта мектебінің мұғалімі Ә.Ілиясова сөз сөйледі.
Комиссия отырысы сындарлы жағдайда өтті.
-
Фото
-