КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы Мақсат Аралханов 2021 жылы 3 шілдеде мезгілсіз дүниеден өтті.
Мақсат Аралханов 1970 жылы 7 ақпанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аякөз қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын Семей мемлекеттік педагогикалық институтында бастап, түрлі жоғары оқу орындарында декан, проректор, тестілеу орталығының директоры лауазымдарында аянбай қызмет жасап, талай биікті бағындырды.
Кейінгі жылдары ғылым ордасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымын басқарып, ұжым арасында әрдайым жоғары бағаланатын. Ақ жарқын мінезді әріптесіміз Мақсат Салықұлы әрбір кәсіподақ мүшесінің көңілін тауып, қзметкерлердің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғап отыратын тұлға ретінде есімізде қалады. Игі де азаматтық қасиеттерінің арқасында еңбек ұжымында әріптестерінің ықыласы мен құрметіне бөленді.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Семей мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Биология ғылымдарының кандидаты.
Мақсат Салықұлына сабырлық пен парасаттылық, еңбекқорлық пен адалдық, ізгілік пен мейірімділік қасиеттері тән болатын. Біртуар азаматтың жарқын бейнесі оны танитын адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны Жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын.
Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы