АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 22 маусым күні Семей қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынды Салалық кәсіподақ басшысы А.Мұқашева ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды:
- «Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының қызметкерлерді құқықтық қорғау, еңбек заңнамасын қадағалауды қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы» облыстық ұйымының төрағасы Б.Әбдірахманов баяндама жасады.
- «Батыс-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарында әлеуметтік әріптестікті дамыту, келісімдер мен ұжымдық шарттарды орындау барысына мониторингті жүзеге асыру тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы» облыстық ұйымның төрағасы М.Даупаев ақпарат берді.
- «Солтүстік-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының қызметкерлерді құқықтық қорғау, еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы» ұйымы төрағасының орынбасары Т.Смолина айтып берді.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы туралыСалалық кәсіподақ төрайымының төрайымы Ә.Әбиева жеткізді.
Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы сақтауды қадағалауды жүргізу туралы нұсқаулыққа» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат берді.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселе бойынша тиісті Қаулылар қабылданды.
Атқару комитеті отырысының негізгі құжаттары жақын уақытта Салалық кәсіподақтың сайтына орналастырылатын болады.
-
Фото
-