28 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ:
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - бүкіл әлем үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де маңызды күн, бұл жұмысшылардың қауіпсіздігін бақылау қаншалықты маңызды екенін кезекті рет көрсетеді. Ол сондай-ақ жұмыста қайтыс болған, жарақат алған немесе кәсіби аурулары бар барлық адамдарды еске алу күні болып табылады.
2021 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Дағдарысты алдын ала болжау, оған дайындалу және ден қою - тұрақты қауіпсіздік жүйелеріне қазірден инвестиция салу» ұранымен өтуде.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тарихы 1989-жылдан бастау алады.
«Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канаданың, Американың жұмысшыларының бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 2003 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Мерекенің ұраны жыл сайын өзгереді, олардың барлығы өндірісте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сақтауға байланысты. Оның мақсаты қауіпсіз жұмыс орындарын құру, жарақаттану жағдайларының санын азайту, зиянды заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті арттыру және т.б. болып табылады.
2020 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні "Пандемияны тоқтату: қауіпсіздік пен денсаулық жұмыстағы адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін" ұранына арналды. Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасының барабар шаралары бір мезгілде жұмысшылар мен жалпы қоғамды қорғай отырып, аурудың таралуын тежеуде шешуші рөл атқарды.
2021 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні: «Дағдарысты алдын ала болжау, оған дайындалу және ден қою - тұрақты қауіпсіздік жүйелеріне қазірден инвестиция салу» ұраны әлемде әлі де Сovid-19 пандемиясының өршуіне байланысты, 2020-2021 жылдары алынған тәжірибеге сүйене отырып, осы дағдарысқа және болашақ дағдарыстық жағдайларға төзімді болу үшін еңбекті қорғау жүйесін нығайту және жетілдіру қажет болғандықтан таңдалды.
Пандемия вирустың жұмыс орнында таралу қаупінен бастап, вирустың таралуын азайту шараларынан туындаған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығына байланысты барлық аспектілерге әсер етті.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) осы тақырыпқа назар аудару және еңбек қауіпсіздігін қорғаудың дұрыс жүйелерін құруды ынталандыру үшін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін пайдаланады.
Жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын азайту мақсатында ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысымен «Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған» Жол картасы бекітілді.
Қазіргі кәсіподақ қозғалысы еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбек ақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді. Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары білім беру ұйымдарында жарақаттану жағдайларына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыс атқаруда.
Білім беру ұйымдарында қызметін кәсіподақ органы бекіткен регламент пен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асыратын 8056 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер жұмыс істейді.
2020 жылы қоғамдық бақылау аясында техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 3049 тексеру жүргізді, оның ішінде өндірістік кеңестердің бастамасы бойынша – 1461, қызметкерлердің бастамасы бойынша – 623, мемлекеттік уәкілетті органдар мен білім басқармасының мобильді топтарының құрамында өзге де тексерулер жүргізілді.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты - өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбекті насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігіне саналы көзқарасын арттыру болып табылады.