ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай университетте студенттерге арналған коворкинг орталығы ашылды. Шараға университет ректоры Е.Сыдықов, Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Қамбаров және "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Н.Жетпісбаев қатысты.
Ректор Е.Сыдықов құттықтау сөзінде "Орталық білім алушыларды қолдау, оларды ЖОО қабырғасында жайлы білім алу және студенттерді өзін-өзі дамыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген университеттің стратегиялық жоспары шеңберінде ашылды"деп атап өтті.
"250 шаршы метрлік орталық студенттік кәсіподақтың қолдауымен ашылды. Орталықтың дизайнын жасап, әзірлеумен студенттердің өздері айналысты", - деді ол.
Коворкинг орталығының ашылуымен Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Қамбаров және "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Н.Жетпісбаевтар құттықтады.
- Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Заманауи технологиялар ғасырында кітап ақыл-ойды дамытудың ең қарапайым және арзан әдісі болып табылады. Айпад пен смартфондар қарапайым кітапты алмастыра алмайды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, оқуға деген ұмтылыс табысқа жету, бәсекеге қабілетті және қазіргі қоғамда өзара іс-қимыл жасауға қабілетті болуға үлкен әсер етеді. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ұлттың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Оқу мәдениетін қалыптастыру, оқу сауаттылығын дамыту білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс, - деп атап өтті Салалық кәсіподақ төрайымы. А.Мұқашева және жаңа коворкинг орталыққа кітап сатып алуға 150 мың теңге сомасындағы сертификатты табыстады.
Айта кету керек, коворкинг орталығында студенттер бос уақытын, кездесулерін, іс-шараларын, талқылауларын және т. б. өткізе алады. Бұл-соңғы екі жылда университетте білім алушылар үшін ашылған екінші орталық.
-
Фото
-