КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.Мұқашева Торайғыров университетіне барды. Айгүл Мақсатқызы қызметкерлер кәсіподағының коворкинг орталығында болып, филиал төрағасы Уахитов Жастілек Жұмабайұлы университеттің кәсіподақ активінің ҚРКФ байқауына әзірлеген "Халық бюджеті" жобасымен таныстырды.
Жастілек Жұмабайұлы медициналық орталығында галокамера ашу жоспары туралы айтып берді, бұл жоғары оқу орнының қызметкерлері мен студенттерін сауықтыру үшін көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтеді. Университет ректоры Бегентаев Мейрам Мұхаметрахимұлы университет әкімшілігі мен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту жоспарлары туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ қонақтар университеттің коворкинг орталығында болып, университеттің жетекші ғалымдарының әзірлеген жұмыстарымен танысты. Бұдан соң қазіргі уақытта пациенттер қабылдауды жүзеге асырып отырған әртүрлі бағыттағы 9 дәрігері бар медициналық орталыққа барды. Делегация сонымен қатар университет студенттеріне салынып жатқан кампус құрылысымен танысты. 600 орындық студенттер кампусы ағымдағы жылдың қыркүйек айында ашылмақ.
Түстен соң Салалық кәсіподақ төрағасы облыстың кәсіподақ активімен кездесті. Кездесу барысында еңбекті қорғау, еңбек жанжалдары мен дауларды шешу, сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы кәсіподақтың қызметі туралы мәселелер қозғалды.
Ағымдағы жыл - бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы болып жарияланды. Осыған орай ауқымды «KASIPODAQ - челлендж» жобасына бастау берілді. Кездесудің салтанатты бөлігінде ҚРКФ «30 еңбек елшісі» жобасының белсенді қатысушылары марапатталды.
-
Фото
-