САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ
Бүгін, 1-ші сәуір күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-нің төрайымы Айгүл Мұқашева мен «Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы ҚБ төрайымы Гүлбарам Наурызбаева Павлодар педагогикалық университетіне жұмыс сапарымен келді.
Басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев қонақтарға оқу орнының дамуы, келешегі жайында таныстырды. Алдымен оқу ордасының маңызды жобаларының бірі «Ертіс –Баян өңірінің 100 тарихи тұлғасы» туралы түсірілген фильмдер топтамасы мен университеттің шығарған кітаптарының көрмесін тамашалады. Одан соң Олжас Сүлейменов атындағы жастар шығармашылығы орталығында болып, педагогикалық шеберлік кабинеті мен ғылыми зертханалардың жұмысымен танысты.
Айгүл Мұқашева ректормен әңгіме барысында кәсіподақтың университет ұжымының мүддесін қорғаудағы ролін ерекше атап өтті.
- Кәсіподақ ұйымы мен университет басшылығы арасындағы жұмыс тең ынтымақтастық пен әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде құрылуы керек. Ұжымдық шартқа қол қою рәсімінің осындай жоғары деңгейде өткеніне қуаныштымын, -деді Айгүл Мақсатқызы.
Кездесу соңында Айгүл Мұқашева оқу орнының басшылығына зор ризашылығын білдіріп, Павлодар педагогикалық университетінің Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғысын жеткізді.
-
Фото
-