ЕҢБЕК ШАРТЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ОНЛАЙН ВЕБИНАРЛАР АЯҚТАЛДЫ
Бүгін Салалық кәсіподақтың білім беру ұйымдары қызметкерлерімен өткізген кезекті вебинарлар сериясы өз мәресіне жетті. Республиканың түкпір-түкпірінен онлайн вебинарларға барлығы 5000 жуық адам (білім беру ұйымдарының басшылары – жұмыс берушілер, кадрлық жұмыстар бөлімінің жетекшілері, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері) қатысты.
Вебинарға қатысушыларға алдағы жұмыстарына қажетті жаңа жүйенің қыр-сыры туралы бірқатар құнды мәліметтер ұсынылды. Сала қызметкерлерінің өкілдері көкейде жүрген өзекті көптеген сұрақтарына жауап алды деген сенімдеміз. Алдағы уақыттары мұндай пайдалы вебинарлар сериясы жалғасын табады.
-
Фото
-