КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАС КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева ҚР Кәсіподақтар федерациясының "30 еңбек елшісі" жобасының белсенді қатысушылары мен жеңімпаздарымен кездесті. Салалық кәсіподақ басшысы жеңімпаздарды құттықтап, кәсіподақ жобасына қатысып, белсенділік танытқаны үшін жас көшбасшыларға шынайы ықыласпен алғыс айтты.
"30 Еңбек елшісі "республикалық жастар жобасына Қазақстанның 12 өңірінен 15 Салалық кәсіподақтар өкілдері қатысты (барлығы 200-ге жуық адам). Салалық білім кәсіподағынан жобаға қатысуға 76 адам өтініш берген. Нәтижесінде жеңімпаз боп танылған 30 адамның 6-ы Салалық кәсіподақ мүшесі болып отыр. Салалық кәсіподақтың бастамасы бойынша, жоба жеңімпаздарынан басқа, Кәсіподақтар федерациясының іс-шараларына финалға өтпеген ең белсенді қатысушылар да шақырылды.
«Ұлт болашағы, өркениет өзегіне жауапты тұтас жүйе – білім және ғылым саласын дамытумен бірге Сіздер елімізде кәсіподақтар қозғалысының Жастар қанатын нығайтуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы ең үлкен Салалық ұйым - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелері аталған жобаға белсенді қатысып, 6 әріптесіміздің жеңімпаз боп танылғаны біз үшін мақтаныш», - деді А.Мұқашева.
Кәсіподақ белсенділері жас кәсіподақ мүшелерінің бастамаларын қолдауға арналған «30 Еңбек елшісі» жобасының өзектілігін атап өтті. Жобаға қатысуда қолдау білдірген Салалық кәсіподақ ұйымына алғыс білдіріп, ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.
Кездесу соңында А.Мұқашева кәсіподақ жобасына белсенді қатысқандар мен жоба жеңімпаздарына Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен ақшалай сыйақыларын табыстады.
-
Фото
-