Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында облыстың кәсіподақ мүшелерімен кездесулер жалғасты
ҚРКФ делегациясының Ақтөбе облысына жұмыс сапары облыстың кәсіподақ мүшелерімен кездесулермен жалғасты. Олардың бірі ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталиннің өңірдің заманауи емдеу-диагностикалық мекемесі — "AktobeMedicalCenter" қызметкерлерімен кездесуі болды. Кездесу барысында Сатыбалды Телағысұлы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселесін көтерді, Covid-19 пандемиясы кезеңінде Федерацияның атқарған қызметі, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне көрсетілген көмектер туралы хабардар етті, медицина саласының қызметкерлеріне күрделі кезеңдегі қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.
"Сенім" кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Қ.Сабыр филиалдың 2020 жылғы қызметі туралы хабардар етіп, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне түсініктемелер берді.
Кездесуге қатысушылар
өзекті сауалдарын жолдап, толық жауаптарын алды. Жиын соңында С.Дәулеталин "Сенім" кәсіподағының мүшелерін ҚРКФ Алғыс хаттарымен марапаттады. Кездесу сындарлы жағдайда өтті.
Түстен соң Салалық кәсіподақ төрайымы Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ активімен кездесті. А.Мұқашева өз сөзінде Салалық кәсіподақтың 2020 жылғы қызметі туралы хабардар етті, қол қойылған Салалық келісімге тоқталып, облыстық ұйым мен оның филиалдарының аймақтың білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау ісіндегі үлкен жұмыстарын атап өтті.
Бұдан соң кездесу сұрақ - жауап форматында жалғасты.
Жиын соңында облыстық ұйымның құқықтық жұмыстар жөніндегі бас маманы А.Л. Алимпиевты республиканың кәсіподақтар қозғалысын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Салалық кәсіподақтың "Білім кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті.
-
Фото
-