САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ОНЛАЙН ВЕБИНАРЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен онлайн вебинарлар сериясын жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 15-16 наурыз күндері өткізілген вебинарларға Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының білім беру ұйымдарының басшылары, кадрлық жұмыстар бөлімінің жетекшілері, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, барлығы 1500 жуық адам қатысты.
Вебинарда Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесі туралы Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар жөніндегі маманы Ғ.Айкумбаева баяндады. Ол еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Салалық кәсіподақтың бөлім жетекшісі Е.Иманбаев "Педагог мәртебесі туралы" Заңының талаптарын орындау жөніндегі кәсіподақтың педагогтар арасында жүргізіп жатқан сауалнамасына қатысудың маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі таңға дейін сауалнамаға республика бойынша 52 мыңнан астам педагог қатысқан. Сауалнамаға https://docs.google.com/.../1FAIpQLSdLZUlhs7Q.../viewform... сілтемесі арқылы өтіп, қатысуға болады.
Вебинарда сондай-ақ Салалық кәсіподақтың "Bilim Kasipodagy" мобильді қосымшасын пайдалану тәртібі түсіндірілді. Мобильді қосымша "Andoid" платформасында жұмыс істейді. Мобильді қосымша арқылы онлайн режимде ҚР нормативтік құқықтық актілерімен, Салалық кәсіподақтың қызметімен, жаңалықтар ленталарымен танысуға болады, сондай-ақ Favorit калькуляторымен жалақыны есептеп, кәсіподақтың мүшелік ұйымдары басшыларының байланыс номерін алып, сұрақтар бойынша аумақтық (облыстық) кәсіподақ ұйымдарына жүгінуге мүмкіндік бар.
Айта кету керек, "Bilim Kasipodagy" мобильді қосымшасын жүктеу бойынша қадамдық нұсқаулық Салалық кәсіподақтың әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылған.
Онлайн кездесу соңында вебинарға қатысушылар өзекті сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Алдағы кезеңдерде дәл осындай вебинарлар қалған өңірлермен өткізілетін болады.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі
-
Фото
-