ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
ҚРКФ Төрағасы С.Даулеталин бастаған ҚРКФ делегациясы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Делегация құрамында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.Мұқашева бар.
ҚРКФ делагациясыныің өңірге жұмыс сапары Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуден басталды.
Кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар Федерациясы мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудағы өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын айқындап, бірлескен шаралар қабылдауға келісті.
Кездесуде облыстағы әлеуметтік-еңбек саласының әлеуеті талқыланып, әлеуметтік әріптестік аясында бірлесіп атқарылатын бірқатар шаралар белгіленді.
Аумақтық кәсіподақтар ұйымының ғимаратында облыстың кәсіподақ активімен кездесу өтті. Жиын барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин Федерацияның қызметі туралы айтып, сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында ҚРКФ төрағасы облыстағы бірқатар кәсіподақ белсенділерін Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қоқозғалысының дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттады.
Бүгін де бірқатар маңызды шаралар мен кездесулер болады деп күтілуде.
-
Фото
-