МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін, 2 наурызда, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары және филиалдары басшылары, мамандарымен бейнебайланыс режимінде семинар-жиын өткізді. Онлайн-кездесу барысында Салалық кәсіподақтың педагогтар арасында жүргізіп жатқан сауалнамасына қатысу, ҚР Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ мүшелеріне арналған "Халық бюджеті" және «30 Еңбек Елшісі» жобасына қатысу, сондай-ақ "BilimKasipodagy" мобильді қосымшасын пайдалану мәселелері талқыланды.
Жиынды ашқан Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңының талаптарын орындау жөніндегі кәсіподақтың педагогтар арасында жүргізіп жатқан сауалнамасына бүгінгі таңға дейін 47 мыңнан астам сала қызметкері қатысқанын жеткізді. Кәсіподақ төрағасы әр педагогтың пікірі педагогикалық қоғамдағы әлеуметтік ахуалды анықтау мақсатында маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте, сала қызметкерлерінің сауалнамаға қатысу белсенділігін көтеру баса айтылды.
Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Ә.Әбиева ҚРКФ-ның "Халықтық бюджет" және "30 еңбек елшісі" жобасына қатысу шарттарын түсіндірді. Өз кезегінде бөлім басшысы Е.Иманбаев қатысушыларды Салалық кәсіподақтың "Bilim Kasipodagy"жаңа мобильді қосымшасын пайдалану тәртібімен таныстырды.
Сауалнамаға https://docs.google.com/.../1FAIpQLSdLZUlhs7Q.../viewform... сілтемесі арқылы өтіп, қатысуға болады.
Кеңес беру форматында ұйымдастырылған кездесу нәтижелі өтті.
Сауалнамаға https://docs.google.com/.../1FAIpQLSdLZUlhs7Q.../viewform... сілтемесі арқылы өтіп, қатысуға болады.
Кеңес беру форматында ұйымдастырылған кездесу нәтижелі өтті.
-
Фото
-