АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Алғыс айту күні қарсаңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева тарихшы, өлкетанушы, еңбек ардагері Сүлейменов Сайлау Хамитұлын қабылдап, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Кездесуде Салалық кәсіподақ басшысы ардагер ұстаздың елімізде кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесіне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
-Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанымызда кәсіподақтардың - қоғамның қозғаушы күшіне айналуында Сіздердің сүбелі үлестеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз бар. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан теңдессіз тәжірибеңізді жоғары бағалай отырып, қажырлы қызметіңіздің жемісін көруіңізге тілектестік білдіремін, - деді А.Мұқашева.
Кездесуде Салалық кәсіподақтың Батыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы М.Даупаев ақсақалдың Орал өңіріндегі айтулы жұмыстарын сөз қылса, өз кезегінде Сайлау Хамитұлы көрсетілген құрметке алғысын жеткізді.
-
Фото
-