КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ҚРКФ-ның 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиясын іске асыру аясында екі жобаны іске қосты.
Оның бірі - жұмысшылардың мәселелерін шешуде Кәсіподақтар федерациясының қызметіне кәсіподақ мүшелерін, жастарды және кәсіподақ ұйымдарын тарта отырып, әлеуметтік маңызды кәсіподақ жобаларын анықтауға және іске асыруға бағытталған "Халық бюджеті" жобасы.
Кәсіподақ жобасының мақсаты - ҚРКФ қолдау көрсететін кәсіподақ мүшелерінің бастамаларын анықтау.
«Халық бюджеті» жобасына кәсіподақтардың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, бастамашыл топтардың, жастар кеңесінің, еңбеккер әйелдер комиссияларының мүшелері қатыса алады.
Келесі тағы бір маңызды жоба – «30 Еңбек Елшісі». Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі жүзеге асыратын жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қолға алынғалы отыр.
Жобаның негізгі мақсаты - жұмысшы үшін кәсіподақтардың тартымды, бұқаралық санада оң имиджін қалыптастыру.
Қатысушылардан өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 10-26 ақпан аралығында kasipodaq.kz сайтында орналастырылған өтінім нысаны бойынша критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. Өтінімдер ішінен 30 үміткерді сараптамалық комиссия 01.03.2021 ж. дейін іріктейді.
КР Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы ең ірі Салалық ұйым - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелері жоғарыда аталған жобаларға белсенді қатысады деп сенеміз. Баршаңызға сәттілік, толайым табыстар тілейміз.
-
Фото
-