САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ-БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ
Бүгін, 15 ақпанда, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының төрағалары мен заңгерлерімен бейнебайланыс режимінде семинар-жиын өткізді. Онлайн-кездесу барысында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы жаңадан қабылданған Салалық келісімнің негізгі ережелері талқыланды, сондай-ақ барлық сұрақтарға тыңғылықты жауаптар берілді.
Семинар-жиын басында Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева қатысушыларды 10 қаңтарда өткен сайлау қорытындылары туралы хабардар етті. Түрлі деңгейдегі мәслихаттарға сала кәсіподағының мүшелері болып табылатын 337 депутат сайланды. Төраға депутат әріптестерін құттықтап, еңбек адамының мүдделерін қорғау ісінде оларға табыс, жаңа жетістіктер тіледі.
- Көкшетау қаласының техникалық лицейінің директоры Н.Г.Дементьева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, кәсіподақтың 8 сайланбалы қызметкері түрлі деңгейдегі мәслихат депутаты болып сайланды, оның ішінде: Қызылорда облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Есқалиева Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды, аудандық және қалалық кәсіподақ ұйымдарының 7 басшысы аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаты болды, - деді А. М.Мұқашева.
Айгүл Мақсатқызы депутат болып сайланған әріптестер енді сала ұйымдарын қаржыландыру мәселелерін қарауға, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің тізбесі мен көлемін айқындауға, білім беру саласының қызметкерлері үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатыса отырып, білім беру қызметкерлерінің мүдделерін қорғайтынын атап өтті.
А.Мұқашева семинар-жиынға қатысушыларды салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге қол қойылып, тіркелгені туралы хабардар етті.
- Салалық келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбек жағдайын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді салалық деңгейде белгілеу жөнінде тараптардыңміндеттері мен мазмұнын айқындау мақсатында жасалды. Сала қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құжатты қабылдауға қатысқан әлеуметтік серіктестерге зор алғысымды білдіремін, - деп атап өтті кәсіподақ төрағасы.
Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров жаңадан қабылданған құжаттың негізгі ережелеріне түсініктеме беріп, оның жеке ұстанымдарына тоқталды.
Виктор Федорович келісімнің негізгі ережелері облыстық, қалалық және аудандық салалық келісімдерге, сонымен қатар сала ұйымдарында қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық шарттарға міндетті түрде қосу үшін негіз болып табылатынын ерекше қадап айтты.
Семинар-жиынға қатысушылар Келісімнің жекелеген ережелеріне тоқталды.
Салалық келісімнің шарттарына сәйкес:
Қызметкермен еңбек шартын тоқтату тек Қазақстан Республикасы Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген негіздер бойынша іске асырылуы мүмкін. Кәсіподақ мүшесі – қызметкермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабында көзделген кез келген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу кезінде Жұмыс беруші алдын ала бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін алуға міндетті.
Кәсіподақ мүшесі болып табылатын білім және ғылым саласы ұйымының басшысымен еңбек шартын бұзу жағдайында білім және ғылым ұйымы басшысымен еңбек шартын бұзу құқығына ие жоғары тұрған басшы дәлелді
пікір алу үшін қарамағында еңбек ұжымында құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы бар аумақтық кәсіподақ ұйымының атқарушы кәсіподақ органына жүгінуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты білім және ғылым саласы ұйымының басшысымен еңбек шартын бұзу кезінде, егер аталған басшы кәсіподақ мүшесі болып табылса, Қазақстандық салалық кәсіподақ төрағасының немесе оның орынбасарының
дәлелді пікірі сұратылады.
Кәсіподақтыңдәлелді пікірі 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс
Қашықтықтан жұмыс еңбек шартының жағдайларымен анықталады.
Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге және оларды нормалауға ерекше орын берілді:
Меншік нысанына қарамастан, білім және ғылым жүйесінің мамандарына тарифтік мөлшерлеменің (айлықақының) ең төменгі мөлшері "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімде белгіленген еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан төмен болмауы тиіс.
Жекеменшік ұйым қызметкерлерінің еңбек, ұжымдық шарттармен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен көзделген бірінші (ең төменгі) раздрядты қызметкердің айлық жалақысының мөлшері немесе айлық тарифтік ставкасының мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен сәйкес қаржы жылына белгіленген айлық жалақының бір жарым есе ең төменгі мөлшерінен, ал ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін салалық коэффициентке көбейтілген мөлшердентөмен болмайды.
Ауыр жұмыста, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін салалық коэффицент 1,8 кем емес мөлшерде белгіленеді.
Келісімдермен және ұжымдық шарттармен тарифтік кестеде белгіленетін разрядаралық коэффициенттер мәні 1,2 кем болмайды.
Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен белгіленетін оқытушылардың, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, басқа қызметкерлердің тарифтік тізімдері мен оқу жүктемесі, білім беру стандарттары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сыныптардың (топтардың) белгіленген шегінде толуын ескере отырып құрылады деген шешімге келді. Оқу жүктемесін бөлу үшін жұмыс беруші кәсіподақ ұйымы өкілдерінің қатысуымен тарифтік комиссия құрады.
Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушыұйымдастырушылардың (алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушылар) айлық жалақысы,лауазымдық айлықақы және апталық жүктеме бойынша нақты оқу сағатына жалпы негізде есептелген ақыдан құралады.
Жалпы орта білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі дайындық сыныптар тәрбиешісінің жалақысы сыныптағы оқыту сағаттарының санына қарамастан бір сынып үшін бір ставка мөлшерінде аптасына - 24 сағатқа есептеледі.
Тараптар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсан № 1787-ХІІ Заңына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан запдап шеккен аумақтарда жүмыс жасайтын білім беру ұйымдарының, соның ішіндежоғары оқу орындарының қызметкерлеріне, олардың экологиялық куәліктері болуына қарамастан:
1) ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13- бабы 1)т.т. белгіленген мөлшерде радиациялық қауіпті аймақтағы жұмысы үшін қосымша ақы;
2) Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңының 13-бабы 3)т.т. белгіленген ұзақтықта, жыл сайынғы еңбек демалысымен бірге берілетін қосымша жыл сайынғы ақылы демалыстағайындалады деп келісті.
Тараптар келесі қызметкерлерге ақылы еңбек демалыстарына 3 күн қосуды келісті:
-медициналық қызметкерлер;
-кітапханашылар;
-аудандық, қалалық (мектеп) әдістемелік бірлестіктерінің; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің басшылары;
-бас бухгалтерлер; бухгалтерлер.
КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР бөлімінде:
Зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-т. 24) т. көзделген негіздеме бойынша қызметкерді жұмыстан шығару кезінде еңбек, ұжымдық шарттармен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен анықталған мөлшерде, бірақ лауазымдық айлықтан (тарифтік ставка) кем емес мөлшерде өтемақылық төлем төлеу.
ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ бөлімінде:
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен білім беру ұйымы қызметкерлерінің қатарынан декреттелген топ тұлғаларын гигиеналық оқытуды жүзеге асыруға;
КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ бөлімінде тараптар төмендегі жағдайларға келісті:
Жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға, сондай-ақ кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердің (қызметкердің кінәсінен болмаған оқу жүктемесі көлемінің немесе басқа жұмыс көлемінің өзгеруіне байланысты еңбекке ақы төлеудің мөлшерін азайту, белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, басқа да ынталандыру және көтерме төлемдерді және т.б. алып тастау) еңбек шарттарының маңызды жағдайларын өзгертуге, жұмыстан шығарудың жалпы тәртібін қадағалаудан басқа, өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының тек дәлелді пікірлері болғанда, ал кәсіподақ органы басшыларын (олардың орынбасарларын) босатуға – жоғарғы кәсіподақ органының дәлелді пікірлері болған жағдайда ғана жол беріледі.
Салалық келісімнің мәтінімен Салалық кәсіподақтың сайтынан танысуға болады.
Кездесу соңында В.Беженаров әріптестердің өзекті сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ құжаттың мазмұнын кәсіподақтың барлық мүшелеріне жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
-
Фото
-