ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕНГІЗУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы бейнебайланыс режимінде кәсіподақтың мүшелік ұйымдары мен филиалдарының құқықтық және кадрлық қызметтерінің қызметкерлеріне еңбек шарттарын электронды тіркеу мәселесі бойынша семинар өткізді.
Жиынды ашқан Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева жұмыстың жаңа форматының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Кәсіподақ басшысы электрондық еңбек шарттарын енгізу – уақыт талабы екенін қадап айтты.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2019-2024 жылдарға арналған қызметінің бағдарламасымен құжат айналымын, қаржылық қызметті одан әрі дамыту, кәсіподақ мүшелігінің есебін жүргізу, кәсіподақ статистикасын, ақпараттық жұмыс сапасын жетілдіру үшін кәсіподақ органдарының жұмыс тәжірибесіне заманауи ақпараттық технологияларды белсенді енгізу көзделген.
Заманауи цифрлық технологияларды кеңінен қолдану негізінде Кәсіподақты ұйымдастырушылық нығайту сайланбалы кәсіподақ органдарына өздерінің жарғылық қызметтерінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», - деді А.Мұқашева.
Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров әріптестерді ағымдағы жылдың 1 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Адами капиталды, білім және ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ арасында Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМге қол қойылғаны туралы ақпараттандырды.
Виктор Феодорович Салалық келісімнің жаңа жобасын жасақтауда әлеуметтік әріптестік тараптарының тығыз қарым-қатынасы мен әріптестігін және құжаттың негізгі көрсеткіштері бойынша конструктивті талқылау мен шешімдер қабылдағанын ерекше атап өтті. Ең бастысы, әлеуметтік диалог аясын кеңейту және ұжымдық шарт келіссөздерін жүргізуге негіз бола алатын жаңа Салалық келісімге қол қоюдың қажеттілігі түсінуде біртұтас болғанын айтты.
"Сала қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын маңызды құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелді. Жаңа Салалық келісімнің мәтіні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының сайтында жарияланды", - деп хабарлады В.Беженаров.
Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары өз сөзінде еңбек шарттарын электронды тіркеу қажеттілігі туралы да айтты.
«2020 жылдың 16 мамырында күшіне енген " Еңбек мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен Еңбек кодексіне «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» (еңбек шарттарының электрондық базасы) ұғымы енгізілді. ҚР Еңбек Кодексінің 23 б. 2 т. 27 т. сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) мәліметтермен қамтылған толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізуге міндетті.
2020 жылғы 3 қыркүйекте Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидалары бекітілді. Соған сәйкес ЕШЕБЖ-де еңбек шарттарын электронды тіркеу міндетті болып табылады»,- деді ол.
В.Беженаров атап өткендей, ЕШЕБЖ басты артықшылығы қағаз құжаттарды жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін оңтайландыру, шарттың, қорларға жарналар мен аударымдардың болуын көрсету, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін бекіту арқылы әлеуметтік тәуекелдерден қорғау болып табылады.
Бұдан соң Орталық аппараттың ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің HR-менеджері Г.Айкумбаева еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Семинарға қатысушыларға (300-ден астам адам) алдағы жұмыстарына қажетті жаңа жүйенің қыр-сыры туралы бірқатар құнды мәліметтер ұсынылды.
Кездесу соңында В.Беженаров семинарға қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Жалпы семинар нәтижелі өтті, барлық қатысушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
-
Фото
-