2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 1 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Адами капиталды, білім және ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ арасында Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМге қол қойылды.
Келісім, әлеуметтік әріптестік институттарының бірі ретінде сала қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін, жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді қамтамасыз етеді.
Салалық Келісімнен туындайтын ережелер Тараптар үшін міндетті болып табылады, негіз болады және өңірлік салалық келісімдер жасасу кезінде оларды алып тастауға немесе азайтуға болмайды.
Салалық келісімде білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және еңбегін нормалауға ерекше орын берілген.
Жаңа Салалық келісімнің мәтіні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының сайтында жарияланды.
http://www.edu-tradeunion.kz/ru/article/show/28/4527