САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару Комитетінің отырысы өтті. Отырысты Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева ашып, жүргізді.
Атқару комитеті ұйымның 2021 жылғы қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарады: Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқау-сайысына қатысу туралы; Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик Республикалық байқауы туралы; Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының ережелерін іске асыру мониторингісі туралы.
Атқару комитеті Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің 2021 жылға арналған істер номенклатурасын бекітті.
2019-2024 жылдарға арналған Салалық кәсіподақ қызметінің бағдарламасына сәйкес цифрлық технологияларды қолдану негізінде кәсіподақты қызметін одан әрі нығайту мақсатында «Кәсіподақтағы цифрландыру туралы» сұрақ талқыланып, тиісті Қаулы қабылданды.
Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары ұсынатын статистикалық есептердің кейбір нысандарына өзгерістер енгізілді.
Жазбаша өтініштерді қарап, Атқару Комитеті "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкерлері мен студенттерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы" ҚБ және "Шапағат-педагог "білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының мүшелік ұйымдары қатарына қабылдау туралы шешім қабылдады.
Атқару Комитетінің 2021 жылғы бірінші отырысының жұмысы іскерлік және сындарлы жағдайда өтті.
-
Фото
-