«ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТТІҢ 16 КҮНІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
25-қарашада қоғам назарын тұрмыстық зорлық, балаларға қатыгездік таныту, қоғамда зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру проблемаларына аударуға бағытталған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттің 16 күні» акциясы бастау алды.
Биыл әйелдерге қатысты зорлықты жоюдың Халықаралық күрес күнінің тақырыбы «Қызғылт сары әлем: қаржыландыру, әрекет ету, алдын алу, деректер жинау!» болды. Әлемнің көптеген қалаларында тарихи ғимараттар мен ескерткіштер зорлық-зомбылықсыз еркін болашақты құру қажеттігі туралы бізге ескерту үшін қызғылт сары түске жарықтандырылған.
Акцияның негізгі мақсаты қалық бұқара топтарын тұрмыстық зорлық проблемаларымен таныстыру, әйелдерді өздерінің құқықтары туралы ақпараттандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұузышылықтың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған, әйелдерге қатысты зорлық жасауға бейім тұлғаларды толық қамту болып табылады.
Әлемдегі барлық адамдар COVID-19 пандемиясымен күрес бойынша шаралар аясында үйлерінде оқшаулау режимін ұстануға мәжбүр болған кезде, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе тұрмыстық зорлық саны артып отыр. Бұл дағдарыс қауіпсіз, салауатты, лайықты және құрметті ортаны қамтамасыз ету үшін алдын алу және қорғану шараларының маңызды екенін көрсетті.
2020 жылғы 25 қараша-10 желтоқсан аралығында әйелдерге қатысты зорлықты жоюдың Халықаралық күрес күні және №190 Тұжырымдамасының принциптерін қозғау аясында, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, қалалық, аудандық және облыстық кәсіподақ ұйымдарында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттің 16 күні» акциясын қолдау үшін, коронавирус жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді ескеріп қауіпсіздік шараларын қадағалай отырып, осы тақырыпқа арналған түрлі шаралар өткізілді.
16 күн ішінде Қарағанды, Алматы, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан облыстық ұйымдарында, Семей аумақтық ұйымында, «Ұстаз» Алматы қалалық және «Әділет» Нұр-Сұлтан қаласының комитетінде Zoom платформасымен онлайн режимінде дөңгелек үстелдер, пікірталастар, тұсаукесерлер, жиындар, дәрістер, алдын алу әңгімелері, мектептерде сынып сағаттары, басылымдар, үшіттеу қағаздарын шығару, сауалнамалар, тренингтер, бейне конференциялар және қоғам назарын осы проблемаға аударуға, зорлық көрсетуге қатысты ерекше жауапкершілікті әр адамға жеткізуге, олардың алдын алуға және оларды шешуге бағытталған көптеген басқа да акциялар өтті.
Әйелдер мен қыз балаларға қатысты зорлықтан еркін болашақ үшін қозғалыспен ынтымақтастықта болу үшін, акцияға қатысушылар қызғылт сары түсті киімдер мен аксессуарлар қолданып, аталған акцияның белгілері: күлгін ленталар, шарлар, гүлдер, жұлдыздар, «алақандар», жилеттер және т.б. белсенді пайдаланды.
Аталған акция аясында сондай-ақ сауықтыру, медициналық тексеріспен қамтамасыз ету, жүкті әйелдердің проблемалалық мәселелерін шешу, бала туу бойынша жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге назар аударылған. Ұжымдық шарттардың орындалуына, жұмыс істейтін әйелдерге нақты әлеуметтік пакеттің көзделуіне, соның ішінде жаз мезгілінде отбасының, балалалардың демалысы үшін жолдамамен қамтамасыз етуге ден қойылған.
Халықаралық күндер жалпақ жұртты алаңдаушылық тудыратын мәселелер бойынша ақпараттандыруға, жаһандық мәселелерді шешу үшін саяси ерік пен ресурстарды жұмылдыруға, сондай-ақ адамзат жетістіктерінің атын шығарып, нығайтуға себеп болып табылады. Сала кәсіподағы баршаңызды аталған проблеманы түбегейлі жоюға үлес қосып, ат салысуға шақырады. Тек осылай жасағанда ғана біз әділдікке, бейбітшілікке және гендерлік теңдікке қол жеткіземіз.
Салалық кәсіподақтың еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия
-
Фото
-