САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ВЕБИНАР
Бүгін, 9 желтоқсан күні, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ мүшелік ұйымдарының бас есепшілері мен тексеру комиссиясының төрағалары үшін онлайн режимде вебинар өткізді.
Кездесуге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары кәсіподақ органдарының жұмысын жетілдірудегі вебинардың маңыздылығын атап өтті.
Есепшілердің алдында «Кәсіподақ ұйымдарында салық салу. Бухгалтерлік есеп, қаржылық қызмет" тақырыбында методолог-аудитор Ж.Уәлиева дәріс оқыды.
«Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы тұрғысындағы кәсіподақ ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметтерінің негізгі бағыттары туралы Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров сөз сөйледі. Орталық аппарат өкілі салалық құрылымдардың алдына қойылған басым міндеттерді мүлтіксіз шешудің маңыздылығына назар аударды.
Вебинарда сонымен қатар Салалық кәсіподақтың бас есепшісі Г.Тоқабаева да сала қызметкерлерінің өзекті сауалдарына жауап берді.
Вебинар жұмысын қорытындылай келе, В.Беженаров кездесуге қатысушыларға қойылған маңызды және жауапты міндеттерді шешуде үлкен табыстар тіледі.