ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ АЙМАҚТЫҚ ВЕБИНАР АЯҚТАЛДЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының әлеуметтік әріптестік аясында ҚР БҒМ өкілдерімен өткізген кезекті аймақтық вебинары өз мәресіне жетті.
Салалық кәсіподақтың бастамасымен ұйымдастырылған республикалық вебинарға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Қаринова, ҚР БжҒМ СҚК педагогикалық кадрлармен жұмыс жөніндегі Басқарма басшысы А.Т.Дүйсембаева, облыстық білім беру басқармаларының, білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-облыстардағы кәсіподақ активтері қатысты.
Вебинарды Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров ашып, жүргізіп отырды.
Ш.Каринова білім беру саласында бүгінгі күні өзекті болып отырған мәселелерге қатысты түсініктемелер берді.
Білім және ғылым вице-министрі әлеуметтік әріптестік аясында сала қызметкерлерінің бірқатар мәселелері шешіліп жатқанын атап өтті. Осы орайда, Ш.Қаринова білім саласындағы түйткілді өзге де мәселелерде Салалық кәсіподақпен әріптестік сындарлы негізде одан әрі жалғасатынын тілге тиек етті.
Кездесуге қатысқан білім саласының өкілдері білім және ғылым вице-министрі Ш.Қариноваға сұрақтар қойып, толық жауаптарын алды.
Тікелей эфирде жолдаған сауалдар негізінен педагогтарға біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтарды даярлау, оқу жүктемесі және т. б. мәселелерге қатысты болды.
Жиынды қорытындылаған В.Беженаров онлайн кездесудің өте пайдалы ақпарат алмасу алаңы болғанын атап өтіп, кездесуге қатысқаны үшін вице-министр Ш.Қариноваға алғыс білдірді.
БҒМ өкілі де сала қызметкерлерінің игілігі үшін бірлесіп атқарылатын шараларға министрліктің әрдайым ашық екенін жеткізді.