ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ВЕБИНАРЛАР ЖАЛҒАСУДА
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы әлеуметтік әріптестік аясында ҚР БҒМ өкілдерімен аймақтық вебинарлар сериясын жалғастыруда.
Салалық кәсіподақтың бастамасымен ұйымдастырылып отырған бүгінгі республикалық вебинарға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Қаринова, Ақмола және Қызылорда облыстық білім беру басқармаларының, білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ аталған облыстардағы кәсіподақ активі қатысты.
Жиынды Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева ашып, жүргізіп отырды.Өз сөзінде Ш.Каринова білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Бәрімізге белгілі, 2021 жылдан бастап аудандық және қалалық білім бөлімдері бейінді облыстық білім басқармаларының бақылауына болады және оған есеп береді. Тиісінше, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерін басқару және қаржыландыру облыстық деңгейге және облыстық бюджетке өтеді. Сондай-ақ, вице-министр педагогтардың біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтарды даярлау, оқу жүктемесі және т. б. мәселелері бойынша түсініктемелер берді.
Екі облыстан қатысқан білім саласының өкілдері білім және ғылым вице-министрі Ш.Қариноваға сұрақтар қойып, толық жауаптарын алды.Онлайн кездесу нәтижелі өтті. Алдағы кезеңдерде дәл осындай вебинарлар қалған өңірлермен өткізілетін болады.
-
Фото
-