ЕУРОПАЛЫҚ БІЛІМ КӘСІПОДАҚТАРЫ КОМИТЕТІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Ағымдағы жылдың 1–2 желтоқсаны күндері «Ынтымақтастық, демократия, теңдік пен тұрақтылық мүдделері үшін мұғалім мамандығын нығайту жөнінде кампания өткізуге дайындалу» ұранымен білім кәсіподақтарының Еуропалық комитетінің Конференциясы өтті.
Жаһандық пандемия кезінде тарихта алғаш рет онлайн режимде кәсіподақтар-БКЕК мүшелері проблемаларды талқылап, төрт жылғы жұмыс жоспарын әзірлеу үшін 11 миллионнан астам мұғалімдер мен Еуропалық аймақтағы басқа да қызметкерлермен кездесті.
COVID-19 дағдарысы бүкіл әлемдегі халықтардың өмірі мен қызметіне мықты әсер етті. Конференция кезінде білім жүйесінде кездесетін проблемалар және оларды әлеуметтік сұхбат пен ұжымдық келіссөздер форматында шешу жолдарын іздеу қажеттігі айтылды.
Білім саласындағы БКЕК кәсіподақтарының делегаттары экологиялық тұрақты даму, белсенді демократиялық қоғам, теңдік; теңсіздік өсімінің алдын алу; білім секторында мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту тәуекелі; тұтас ұлттық сандық бағдарламалардың болмауы, сондай-ақ мұғалімдер мен білім қызметкерлеріне қысымды күшейту сияқты өмірлік маңызды салаларды әлеуметтік өзгерту арқылы білім кәсіподақтары шеше алатын проблемаларды айқындады.
Конференцияға шақырылған қонақтар арасында: білім Интернационалының Бас хатшысы- Дэвид Эдвардс; инновация, зерттеулер, мәдениет, білім және жастар жөніндегі Еврокомиссия комиссары - Мария Габриэла; Германия білім министрлер Кеңесінің Президенті - доктор Стефани Хубиг болды.
Конференцияға қатысушылар БКЕК 2016-2020ж.ж. қызметі туралы есебін тыңдап, ұйым Жарғысына өзгертулер және конференцияның қорытынды қарарын қабылдады. Сондай-ақ,COVID-19 жағдайында мұғалімдер үшін талаптар, сандық трансформация, кәсіподақ қозғалысымен белсенді әлеуметтік сұхбат жүргізу, білім саласында кәсіподақтардың ұжымдық өкілеттігін күшейту және басқа да мәселелер талқыланды.
БКЕК 2020 конференциясында ұйым басшылары - ETUCE президенті Ларри Фланаган (Шотландия) және вице-президенттер, сондай-ақ еуропалық аймақтық білім кәсіподақтарының атқару комитеті сайланды. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінң кәсіподағы» ҚБ білім кәсіподақтары Еуропалық комитетінің мүшесі ретінде қайта сайланғанын айта кеткен жөн. БКЕК 51 елдің 127 кәсіподағын біріктіреді.
Екі күндік шара соңында Конференция қатысушылары БКЕК Жұмыс бағдарламасы мен 2021-2024ж.ж. арналған бюджетін бекітті.
Қазақстандық салалық кәсіподақтың атынан конференция жұмысына сондай-ақ төрайым орынбасары Ә.Әбиева, Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» кәсіподағының төрағасы Ә.Әлиев, Батыс-Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы М.Даупаев және Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Г.Есқалиева қатысты.