САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ВЕБИНАР
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы онлайн семинарлар сериясын жалғастыра отырып, мүшелік ұйымдардың ұйымдастыру жұмыстарының мамандары үшін кезекті вебинарын өткізді. Вебинарды Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Ә.Абиева ашты, Салалық кәсіподақтың Орталық аппаратының мамандары спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева өз сөзінде іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Вебинарға қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.
Салалық кәсіподақтың орталық аппаратының кеңсе меңгерушісі М.Бейсембаева іс-қағаздарын жүргізу тәртібі туралы, ұйымдастыру және кадрлық жұмыстар жөніндегі маманы Ғ.Айкумбаева марапаттау материалдарын рәсімдеу мәселелері туралы тәптіштеп түсіндірді. Баспасөз-хатшысы М.Хұсынова Салалық кәсіподақта жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстарға қатысты сөйлесе, ұйымдастыру жұмысы бойынша маман Х.Сағындықов кәсіподақ жұмысын жоспарлау жөнінде баяндады. Ұйымдастыру-кадрлық және халықаралық жұмыс бөлімінің басшысы Е.Иманбаев статистикалық есептілікті ресімдеуге қатысты түсінік берді.
Вебинарға қатысушылар толғандырған сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Семинарда Салалық кәсіподақ жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Кездесу соңында қатысушылар жиынның пайдалы болғанын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
-
Фото
-