ПАНДЕМИЯ КЕЗЕҢІНДЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
Коронавирус пандемиясы жекелеген адамдардың санасына ғана емес, мемлекеттің саясатына, экономикалық жағдайына ерекше әсер етті. Індеттің таралуы отандық экономиканың әрбір саласына түбегейлі өзгеріс әкелді.
Барлық еңбек ұйымдары қалыптасқан жағдайға бейімделіп, жұмыс режиміне бұған дейін болмаған тың тәжірибелер енгізді.
Пандемия кезеңінде елдегі ең ірі қоғамдық ұйым саналатын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ сала қызметкерлері - кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруда.
Мәселен, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының құқықтық қызметтері білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасын орындау бойынша 1191 қоғамдық бақылау жүргізіп, 1093 түрлі еңбек заңнамасын бұзушылық дерегін анықтады. Осы және өзге де мәселелерге қатысты толық ақпаратты бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева 24kz арнасындағы "Сұхбат" бағдарламасында толығырақ айтып берді.
https://youtu.be/qzXfuGLxjdM