САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Бейнебайланыс режимінде өткен жиында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева бастаған Атқару комитетінің мүшелері ұйым қызметі үшін маңызды саналатын бірқатар мәселелерді қарастырды.
Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Ә.Әбиева кәсіподақтың Салалық Кеңесі аппаратының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды.
Білім және ғылым саласында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек мәселелерін реттеу туралы Салалық келісімді жасау жөнінде келіссөздерді дайындау және жүргізу мәселелері туралы Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Беженаров баяндады.
Отырыс қорытындысында кәсіподақтың Салалық Кеңесі аппаратының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Жастар істері жөніндегі кеңесінің Ережесі, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссия туралы Ережесі, сондай-ақ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы активі мен кәсіподақ кадрларын оқыту Тұжырымдамасы бекітілді.
Салалық кәсіподақтың Атқару комитеті пандемия жағдайында жұмысты жетілдіру бойынша нақты шараларды белгіледі, тиісті шешімдерді қабылдады.
-
Фото
-