САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ӘЙЕЛДЕР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін, 24 қараша күні, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясының бірінші отырысы өтті. Бейнебайланыс режимінде өткен Комиссия отырысын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Әлия Әбиева ашып, жүргізіп отырды. Бұдан соң Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева сөз алып, Комиссия жұмысына сәттілік тіледі.
Жиында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясы туралы ереже, Комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары және Комиссия төрағасы мен хатшысын сайлау туралы мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар бірауыздан Комиссия ережесін бекітті.
Жиын қорытындысында Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Әлия Әбиева Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясының төрағасы, "Нұр-Сұлтан қаласының "Әділет" білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ бас маманы Динара Тоқбалина Комиссия хатшысы болып сайланды.