АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен мүшелік ұйымдардың заңгерлерімен бейнебайланыс режимінде семинар өткізілді. Жиынды Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Ф.Беженаров ашып, жүргізіп отырды.
Семинарда Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының заңгерлері ҚР Білім және ғылым министрлігі, Жұмыс берушілер қауымдастығы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы 2021-2023 жылдарға арналған Салалық келісімнің жобасын талқылады. Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Ф.Беженаров аталған салалық келісімнің әлеуметтік маңыздылығын ерекше атады. Бұл тұрғыда семинарда Салалық келісім жобасына мүшелік ұйымдар тарапынан түскен ұсыныстар да тыңдалып, талқыға салынды. Құжат қабылданғанға дейін әлі бірқатар талқылау деңгейлерінен өтіп, пысықталады.
Бұдан бөлек, саладағы бірқатар проблемалық мәселелер де қозғалды. Кездесу пайдалы әрі өте нәтижелі өтті. Бұл тәрізді семинарлар жүйелі түрде өткізіліп отырады.
-
Фото
-