БІРЛЕСКЕН ВЕБИНАРДА ТЖКБ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы әлеуметтік әріптестік аясында ҚР БҒМ өкілдерімен кезекті вебинар ұйымдастырды.
Бүгін, 19 қараша күні өткізілген республикалық вебинарға ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Н.Ж.Оспанова, Департамент директорының орынбасары Е.Г.Жүнісов, ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің педагогикалық кадрлар қызметін түзету және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Б.Ө.Биекова, білім беру басқармаларының, кәсіптік және техникалық блім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ салалық кәсіподақтың облыстық ұйымдарының жетекшілері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кәсіподақ комиттеттерінің төрағалары қатысты.
Вебинарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.М.Мұқашева ашып, жүргізіп отырды.
ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Н.Ж.Оспанова кездесуге қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерге қатысты ақпарат берді.Ол келесі аптадан бастап ТЖКБ қызметкерлеріне ҰБТ басталатынын атап өтті. Айтуынша, тест қорытындысы бойынша педагогтарға педагогикалық шеберлік үшін лауазымдық жалақыларынан 30%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы тағайындалады.
Әрі қарай онлайн кездесу қашықтықтан жұмыс істеу жағдайындағы еңбекке ақы төлеу, еңбек қатынастарына қатысты өзекті сұрақтарға жауап беру форматында өткізілді. Бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған онлайн жиында саладағы бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Сала қызметкерлері тарапынан түскен көптеген сауалдарға жан-жақты жауаптар берілді.
500-ден астам адам қатысқан онлайн кездесу жиын нәтижелі өтті.